Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы 2019 жылғы 15 ақпанда сағат 12.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (1 қабат М. Горький көшесі, 40) өтеді.
Тіркеу сағат 11.00-ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы.

2. «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.

4. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының және Жарма ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы.

5. Әртүрлі мәселелер.