Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2019 жылғы 7 ақпанда сағат 10.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 501 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Шығыс Қазақстан облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2019 жылы даму келешегі туралы» есебі;

2. Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының «Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің 2018 жылы атқарған жұмысы және 2019 жылға жоспарлары жайындағы» баяндамасы.

1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №25/280-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жұмысы;

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» бірлескен шешім және қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының және Жарма ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен шешім және қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2019 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 292 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Субсидияланатын тұқымдардың 2019 жылға арналған нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95,87751742644

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған: http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/  

http://deputate.gov.kz/ru/project.htm