Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөнінде конкурс жариялайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 19 адам болып анықталды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес ШҚО Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Шығыс Қазақстан облысының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

 1) сотталғандығы болмауы;

 2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі) және (немесе) азаматтың өтініші;

2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

Қоғамдық кеңестер құрамына сайлану үшін жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерлер конкурсқа қатыстырылмайды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ұсыныстарды жазбаша түрде 2019 жылғы 25 қаңтардан 7 ақпанға дейінгі мерзімде, күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісі бар уақытта М.Горький көшесі 40, 230 каб. мекенжайы бойынша, maslihatvko@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылдайды.