Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты облыстық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа байқаушыларды іріктеудің өткізілуі туралы жариялайды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа байқаушыларды іріктеудің өткізілуі туралы жариялайды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты 2019 жылғы 18 қаңтарға дейін (қоса алғанда) азаматтардан қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, жоғарыда көрсетілген мерзімде М.Горький көшесі 40, 230 каб. мекенжайы бойынша сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісі бар уақытта, maslihatvko@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.