Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты облыстық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 7 адам деп анықталған. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің  жалпы санының үштен бір бөлігінен аспау керек. Азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің  жалпы санының үштен екі бөлігінен аз емес болады және коомерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсынысы негізінде жасақталады.   керек.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты 2019 жылғы 18 қаңтарға дейін (қоса алғанда) коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде, келесі құжаттармен қоса, Жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды:

1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, жоғарыда көрсетілген мерзімде, М.Горький көшесі 40, 230 каб. мекенжайы бойынша сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісі бар уақытта, maslihatvko@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі.