Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2019 жылдың 11 қаңтарында VI шақырылған Үржар аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХVII сессиясы болып өтті.

16 депутаттан қатысқаны - 13. Сессия жұмысына мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Зайнулдин Серік Зинабекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме мен ұйымдардың басшылары, аудан бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Үржар аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Ауданның аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы.

2. Б.Көбегеновтың сессия төрағасы өкілеттігін ұзарту туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.