Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2019 жылғы 11 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVІ сессиясы болып өтті.

Сессияға 43 депутаттың 29-ы қатысып, бұл 67%-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қ.Аймұқашев, облыс әкімінің орынбасарлары, мүдделі облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Сессияда мына мәселелер қаралды:

1. Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

2. «Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясының төрағасы туралы.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.