Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2019 жылғы 9 қаңтарда Көкпекті аудандық мәслихатының VI шақырылымының кезектен тыс отыз екінші сессиясы өткізілді, сессияға 13 депутаттан 11 депутат қатысты.

Сессияда төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

1. Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

2. Әртүрлі:

1) Көкпекті аудандық мәслихатының отыз үшінші сессиясының төрағасы туралы.

Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Көкпекті аудандық мәслихатының сессиясында 53 сайлау комиссияларының құрамына 371 мүше сайланды, олардың ішінде: аудандық  аумақтық- 1, учаскелік сайлау комиссияларына – 52.

Бес саяси партияның ұсыныстары бойынша 53 сайлау комиссиясының жаңа құрамына 265 сайлау комиссиясының мүшесі немесе сайланған мүшелердің жалпы санының 71,5 % сайланды. Екі қоғамдық бірлестіктен 106 сайлау комиссиясының мүшесі немесе 28,5 % сайланды.