Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарына.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2019 жылғы 11 қаңтарда сағат 12.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (1 қабат М. Горький көшесі, 40) өтеді.
Тіркеу сағат 11.00-ден басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

2. «Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.

3. Әртүрлі мәселелер.