Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Головатюк Владимир Михайлович

Головатюк Владимир МихайловичВ.М. Головатюк 1953 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында туған. Екі жоғары білімі бар. 1976 жылы Томск политехникалық институтын «Қалалардың және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы  бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1976 жылы қорғасын-мырыш комбинатында электромонтер болып бастаған. 1978 жылдан 1997 жылға дейін Востокмашзаводта еңбек етті, «Востокмашзавод» АҚ-да инженер-технологтан бастап құю заводының директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1997-2002 жылдары – «Өскемен нан-тоқаш өнімдері зауыты» АҚ президенті. 2002 жылдан бастап – «Восток-Алтын» кәсіпқой футбол клубы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, «Восток» футбол клубы МКҚК директоры, «Востокагропроект» ЖШС бас инженерінің орынбасары.

2009 жылдан 2013 жылға дейін – Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы. 2013 жылғы наурыздан 2015 жылғы қыркүйекке дейін – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары. 2015 жылғы 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 7 Строительный сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2015 жылғы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

«Құрмет» ордені (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медалі наградалары бар. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Лауазымдық міндеттері

  1. Тұрақты комиссиялармен бірлесіп мәслихаттың Регламентін жасап, сессияның қарауына ұсынуға, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етуге.
  2. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысына ұйымдастыру-техникалық жағдай жасауға.
  3. Депутаттарға, облыс әкіміне және тұрғындарына мәслихат сессиясының болатын уақыты және орны, күн тәртібінің жобасын мәлімдеуге.
  4. Мәслихат сессиясының және сессияның қарауына енгізілетін мәселелердің дайындығын, сессия хаттамасының жасалуын қамтамасыз ету, сессияның төрағасымен бірлесіп мәслихат шешімдеріне, хаттамасына және басқа да құжаттарға қол қоюға.
  5. Тұрақты комиссиялармен бірлесіп, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауға.
  6. Депутаттарға өз өкілеттіктерін іске асыруда жәрдем жасауға, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, депутаттардың мәслихатта, оның органдарында, сайлау округтерінде жұмыс істеуі үшін қызметтік міндеттерінен босатуға қатысты мәселелерді қарауға.
  7. Тұрақты комиссиялардың және басқа мәслихат органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіруге.
  8. Облыстық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етуге, олардың орындалуына бақылау жасау шараларын айқындауға.
  9. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттарын мәслихаттың сессиясына бекітуге енгізуге, оның жұмысына басшылық жасауға, қызметкерлерді қызметке алуға және қызметтен босатуға.
  10. Мәслихаттың атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, меншік түріне қарамастан, ұйымдармен байланыс жасауғам.
  11. Сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жинақталған мәліметтерді ұдайы мәслихатқа ұсынуға.
  12. Мәслихат шешімдеріне сәйкес мәслихат шешімдерінің маңызды жобаларын, жергілікті және республикалық маңызы бар мәселелерді азаматтармен талқылауды қамтамасыз етуге.
  13. Аппаратта азаматтарды қабылдау, арыз, өтініштерін қарауды ұйымдастыруға.
  14. Өз құзыры шегінде өкім шығаруға.
  15. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес депутаттардың сайлауын ұйымдастыруға және өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін қарастыруға, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттарды сайлау бойынша таңдаушылардың жиналысын ұйымдастыруға.
  16. Жыл сайын облыстық мәслихат сессиясында өзінің атқарған жұмысы және аппараттың қызметі туралы есеп беруге.
  17. Мәслихаттың атынан сотқа талап арызға қол қоюға.
  18. Мәслихаттың шешімі бойынша басқа да функцияларды жүзеге асыруға.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: Әр айдың екінші, төртінші бейсенбі күндері, сағат 15.00-17.00

Телефон: 8 (7232) 713199

Факс: 8 (7232) 713199

Мекен-жайы: 070019, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький к. 40

E-mail: m.vko@akimvko.kz

 

 

Бет өзгертілді: 18-10-2017