Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

МАМУТОВА ӘСЕМ ТІЛЕКҚЫЗЫ

Қызметі: «ӨК ТМК» АҚ президенті

Телефон: 8(7232) 23-33-82

Қабылдау орны және уақыты: Депутаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі
Өскемен қаласы, Менделеев көшесі, 6,  каб.106 - Күн сайын , сенбі және жексенбі күндерінен басқа күні, сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін, үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін;
«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121- 2018 жылғы 14 наурыз, 14 маусым, 9 тамыз,
16 қараша, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

Туған күні, айы: 24.12.1975

Ұлты: Қазақ

Білімі, мамандығы: жоғары, экономист.  

Саяси партияға қатыстылығы: «Нұр Отан»,  № 5 Согра сайлау округі

E-mail: post@uktmp.kzpriemnaya-post@uktmp.kz

Депутаттың қызметі:

Фотомұрағат


  • Шығыс Қазақстан Облысының депутаты Мамутова А.Т. және Өскемен қаласының Тумабаев К.М. Жаңа Согра кентінің тұрғындарымен кездесуы


  • Шығыс Қазақстан Облысының депутаты Мамутова А.Т. және Өскемен қаласының Тумабаев К.М. Жаңа Согра кентінің тұрғындарымен кездесуы


  • Депутат Ә.Т.Мамутованың сайлаушылармен кезекті есеп беру кездесуі (11.09.2018 ж.)


  • Депутат Ә.Т.Мамутованың сайлаушылармен кезекті есеп беру кездесуі (11.09.2018 ж.)


  • Депутат Ә.Т.Мамутованың сайлаушылармен кезекті есеп беру кездесуі (11.09.2018 ж.)


  • Депутат Ә.Т.Мамутованың сайлаушылармен кезекті есеп беру кездесуі (11.09.2018 ж.)


  • Депутат Ә.Т.Мамутованың сайлаушылармен кезекті есеп беру кездесуі (11.09.2018 ж.)


  • Депутат Ә.Т.Мамутованың сайлаушылармен кезекті есеп беру кездесуі (11.09.2018 ж.)

11.09.2018 ж.

Облыстық мәслихаттың № 5 Согра сайлау округі бойынша депутаты Ә.Т.Мамутова 11.09.2018 жылы «ӨКТМК» АҚ-ның Мәдениет үйінде сайлаушылармен кезекті есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесуге барлық сайлау учаскелерінің өкілдері, № 5 Согра сайлау округінің шекараларында тұратын комбинат еңбеккерлері мен ардагерлері, қалалық мәслихат депутаттары, білім беру, денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің басшылары, Өскемен қаласы әкімдігінің бөлім басшылары шақырылды.

Кездесудің күн тәртібі:

  1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 5 Согра сайлау округі бойынша депутаты – «ӨК ТМК» АҚ президенті Әсем Тілекқызы Мамутованың 2017 жылы және 2018 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы және сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы есебі.
  2. Сайлаушылардың сөз сөйлеуі, сұрақтар мен жауаптар.
    Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылардың барлық сұрақтары мен өтініштері бойынша хаттама әзірленді.

№ 5 Согра сайлау округінің сайлаушыларына жадынама

Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес халық жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істердің жағдайына жауап беретін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) мен атқарушы органдар (әкімдіктер) жүзеге асырады.

Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар (депутаттар)  тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының еркін білдіреді және оны іске асыру үшін қажетті шараларды жалпы мемлекет мүддесін ескере отырып айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Депутаттық қызметті және сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстық мәслихаттың № 5 Согра сайлау округі бойынша депутаты Әсем Тілекқызы Мамутованың бастамасымен қоғамдық қабылдау бөлмесі құрылды.

Облыстық мәслихат депутаты Ә.Т.Мамутованың қоғамдық қабылдау бөлмесі күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сайлаушыларды қабылдау – апта сайын сейсенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Округ сайлаушылары округ тіршілігі, аумақтарды абаттандыру, жолдарды, көшелер мен аулаларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени объектілер салу, ғимараттар мен қасбеттерді жөндеу, денсаулық сақтау, білім беру және жастардың бос уақыты мәселелері бойынша өтініш жасай алады.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық маңызы бар мәселелерді және азаматтардың жеке мәселелерін шешуде сайлаушылардың атқарушы билік органдарымен, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылы бойынша ықпал етеді (кеңес түрінде).

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мекенжайы: Жаңа Согра кенті, Менделеев көшесі 6, каб.106, «ӨКТМК» АҚ Мәдениет үйінің ғимараты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің телефоны 23-33-11,
e-mail: priemnay@uktmp.kz