Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

Мәслихаттың құзыры

Мәслихаттардың құзыретiне:

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау жатады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерiн бес жылға қызметке тағайындау, сондай-ақ оларды қызметтен босату жатады.

Аудандық мәслихаттардың құзыретiне сонымен бiрге тиiстi ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) әкiмiнiң атқарылған жұмысы туралы есебiн қарау және аудан әкiмiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу жатады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиiстi аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы мәселелерi бойынша жүргiзiлген бақылау iс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдiктердiң ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, орман пайдаланғаны үшiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн эмиссия үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекiтедi.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.

 

Бет өзгертілді: 10-08-2017